
Италияда өткен ХХV қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев елге оралды. Елорданың халықаралық әуежайында спортшыны жанкүйерлері, әріптестері мен жақындары ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – Абзалдың карьерасында төртінші Олимпиада. Дүбірлі дода бұл жолы жанкүйерлер күткендей өрілмесе де, спортшы бар күш-жігерін жұмсады.
«Бұл – Абзалдың төртінші Олимпиадасы. Өкінішке қарай, бәрі біз ойлағандай болмады. Дегенмен ол барын салды. Шорт-тректе бірде бап шабады, бірде бақ шабады. Бұл жолы сәттілік сәл жетіспей қалды. 500 метр – Абзал үшін ең ыңғайлы, сүйіп жүгіретін қашықтық. Бейжің Олимпиадасынан кейін Абзал аздап үзіліс алып, қайта тыңғылықты жаттықты. Дайындығы жақсы болды», – деді Астана қаласының шорт-тректен бас бапкері Әсел Камешева.
Елге оралған Абзал Әжіғалиев өз әсерін бөлісті.
«Жанкүйерлердің осылай күтіп алғаны үлкен тосынсый болды. Мұндай қолдау спортшыға ерекше күш береді. Алда жоспар көп.
л ішіндегі және Азия деңгейіндегі жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтап, әлі де шыңдала түсуіміз керек. Канадада өтетін әлем чемпионаты бар, енді соған дайындаламыз», – деді спортшы.