
«Жеңіс» футбол клубы Конституция жобасын қолдауға арналған эстафета бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Арнайы эстафетаның жарияланғаны туралы команда ұжымы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.
«Жеңіс» футбол клубы – әділ ойын қағидаларын ұстанатын, тең мүмкіндікті және нәтижеге деген жауапкершілікті жоғары бағалайтын ұжым.
Біз тек бүгінгі есеп үшін емес, елдің ертеңі үшін де алаңға шығамыз. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдаймыз.
Эстафетаны «Қайсар» футбол клубына жолдаймыз», – деп жазды «Жеңіс» футбол клубы.
Айта кетейік, елімізде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша 15 наурыз күні республикалық референдум өтеді.