«Заң мен тәртіп»: Астанада жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Заң мен тәртіп»: Астанада жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана прокуратурасының үйлестіруімен және қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіруге бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жаяу жүргіншілер арасында болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акция барысында түсіндіру шаралары жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында, сауда үйлерінде, базарларда және адам көп жиналатын өзге де орындарда жүргізілді. Қала тұрғындары көп шоғырланатын нысандар мен апат деңгейі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылды.

Өткізілген акция жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын орнықтыруға, жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды азайтуға және елордадағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.

#законипорядок #заңментәртіп