
Астанада Сарыарқа ауданының спорт нұсқаушылары спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты – зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау.
Іс-шара барысында споршы зейнеткерлер Олимпиада ойындарына қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады. Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды.
Қатысушылар қар үстіне қар ұшқынының бейнесін салып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар,таза ауада ән айтып, бос уақыттарын салауатты өткізді.