Астаналық ұстаз Абу-Дабиде чемпион атанды

Астаналық ұстаз Абу-Дабиде чемпион атанды

Астана қаласының №106 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Болат Abu Dhabi қаласында өткен дзюдодан халықаралық чемпионатта топ жарып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

United Arab Emirates аумағында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге елу мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. 66 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Нұрсұлтан Бауыржанұлы жоғары дайындығын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.

Халықаралық додада Қазақстан намысын қорғаған елордалық педагог көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатты. Бұл жеңіс – тек спорттағы жетістік қана емес, ұстаз мәртебесінің биіктігін, педагогтердің жан-жақты дамыған тұлға екенін дәлелдейтін жарқын мысал.

Спорт пен білімді қатар алып жүрген ұстаздың жетістігі шәкірттеріне үлкен мотивация беріп, салауатты өмір салтын насихаттаудың нақты үлгісіне айналды.