Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті есеп тапсыру мерзімі аяқталып қалғанын еске салды

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті есеп тапсыру мерзімі аяқталып қалғанын еске салды

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есеп тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалғанын мәлім етті. 15 ақпан демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты, есеп тапсырудың соңғы мерзімі 16 ақпанға ауыстырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есеп тапсыру міндеті туындайды:
101.03-нысан – Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
200.00-нысан – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
300.00-нысан – Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
400.00, 421.00-нысандар – Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін)
701.01-нысан – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
710.00-нысан – Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
860.00-нысан – Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
870.00-нысан – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
880.00-нысан – Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
910.00-нысан – Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін)
913.00-нысан – Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

Сонымен қатар, 20 ақпаннан кешіктірілмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:
328.00-нысан – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
851.00-нысан – Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі

Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмеуі тиіс.
Толығырақ ақпарат – 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.