
Астана қаласында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – деп хабарлайды Білім басқармасының хабарламасында.