
Астана қаласының халықаралық әуежайында Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тасжолдағы велоспорттан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған елордалық спортшы Мұрат Күйтеновті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жас чемпионды достары, туған-туыстары, сондай-ақ қалалық №6 велоспорт мектебінің басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы күтіп алды.
Күні кеше ғана аяқталған құрлық біріншілігінде Мұрат Күйтенов жасөспірімдер арасында жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей алтын медаль иеленді. Атап айтқанда, ол командалық эстафета мен топтық жарыста қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды.
Айта кетейік, аталған құрлықтық додаға 25 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысқан.