Астанада алдағы сенбі күні дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

Астанада алдағы сенбі күні дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

Астанада 14 ақпан күні Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақта Кенесары хан ескерткішінің маңында дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді. Айтулы фестиваль биыл 25 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күресі, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.

Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады. Қатысушыларды тіркеу 08:30-10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00-де басталады. Қатысу – тегін.