Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Астана қаласында ауа райына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.