
Астана қаласының прокуратура қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың мемлекеттік мектептерінің директорларымен және бас бухгалтерлерімен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселесі бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға қаланың 100-ден астам мемлекеттік мектебі қатысты.
Білім беру саласы – ерекше әлеуметтік сала, онда кез келген сыбайлас жемқорлық көріністер тек бюджетке ғана емес, сонымен қатар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді.
Кездесу барасында бюджет қаражатын жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануымен байланысты қылмыстық-құқықтық жағдайлар түсіндіріліп, сот тәжірибесі бойынша мысалдар келтірілді. Сондай-ақ қаржылық бақылауды күшейту және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Осындай кездесулерді өткізу сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағыттылған.