«Заң мен тәртіп»: елорданың қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі мәселесі түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: елорданың қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі мәселесі түсіндірілді

Астананың Сарыарқа ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық тамақтану саласындағы нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру іс-шаралары өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның практикалық бөлігі Okadzaki мейрамханасының базасында өтті. Профилактикалық жұмысқа мекеме ұжымы, блогер Василий Тахтай, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Сарыарқа ауданы аппаратының өкілдері қатысты.

«Қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрттердің негізгі себептері электр және газ жабдықтарының жарамсыз күйі, оларды пайдалану талаптарының бұзылуы, ас бөлмедегі сорғыш жүйелерді уақытылы тазаламау. Осыған байланысты кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске саламыз», – деп атап өтті Сарыарқа ауданы ТЖБ мамандары.

Іс-шара аясында ас үй қызметкерлеріне күнделікті жұмыста еске салатын көрнекі әрі практикалық құрал ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамасы бар алжапқыштар табысталды.