Құқықтық сауаттылық: «Астана-Теплотранзит» ұжымына арналған түсіндірме кездесу өтті

Құқықтық сауаттылық: «Астана-Теплотранзит» ұжымына арналған түсіндірме кездесу өтті
Елордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Астана-Теплотранзит» ұжымына арналған түсіндірме кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпорынға дәріс өткізу үшін прокуратура және Нұра ауданы әкімдігі аппаратының өкілдері келді.

Қызметкерлер алдында Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов; Нұра ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Райымбек Ұлықбанов сөз сөйледі.

Кездесу барысында заңнаманы сақтау, митингілерді өткізу тәртібі және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек ұжымдарында заңдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіпорында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.