«Табысым екі есе артты»: Астана тұрғыны JOLTAP жобасынан кейін оң өзгерістер болғаны туралы айты

«Табысым екі есе артты»: Астана тұрғыны JOLTAP жобасынан кейін оң өзгерістер болғаны туралы айты
Астана тұрғыны JOLTAP жобасының курсын оқып, білімін арттырғаннан кейін табысы да екі есеге көтерілгенін айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

JOLTAP жобасының түлегі Гүлзира Ахметованың алғашқы мамандығы – заңгер, заң ғылымдарының магистрі, резервтегі судья. Кейін ағылшын тілінен аудармашы мамандығы бойынша білім алған ол бала күтімі демалысы кезінде SMM мен таргеттің ақылы курстарынан өткенімен, клиент кейде болса, кейде болмағанын айтады.

«JOLTAP жобасы туралы What's APP топтың бірінен әйел адамның тегін курстар жайлы жазғанын көзім шалып қалды. Содан ол кісіге хабарласып, мән-жайды сұраған соң JOLTAP модульдік пунктіне барып, таргетолог курсына жазылдым. Сол кезде декреттік демалыста болғанмын. SMM, таргеттің ақылы курстарынан өткен едім. Бірақ клиент кейде болса, кейде болмайтын. Кейін JOLTAP жобасындағы таргет курсынан өткен соң агенттікке жұмысқа орналастым. 2025 жылы таргет бойынша сол агенттікте 6 айдай жұмыс істедім. Қазір енді өз-өзіме жұмыс істеп жатырмын. JOLTAP курсынан кейін табысым екі есе артты. Қазіргі таңда екі жобамен жұмыс істеп жүрмін. Алда шетелде тұратын клиенттерге шықсам деген жоспарым бар», – деді Гүлзира Мұхамедқалиқызы.

Айта кетейік, JOLTAP жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Оның аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін ұсынылады. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.