
Астана қаласының архиві «Зайырлы мемлекет және неке институты: конституциялық-құқықтық көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға архив қызметкерлері, заңгерлер және құқық саласының мамандары қатысты. Сонымен қатар арнайы көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстандағы зайырлы мемлекет қағидаттары аясында неке институтының құқықтық негіздері талқыланды.
«Зайырлы мемлекет жағдайында неке институты діни қағидалардан бөлек, Конституция мен заңдар арқылы реттеледі және барлық азаматтың тең құқықтылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл көзқарас некені жеке сенім мәселесінен гөрі қоғамдық-құқықтық институт ретінде қарастырып, адам құқықтары мен зайырлылық қағидаттарын сақтауға негіз болады, – деді Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Әлімжан Жұбатқанов.
Жиын барысында «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысқан архив қызметкерлері маманға сауал жолдап, жауап алып тарқасты.