
Астана қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, иттерді ұстау және серуендету қағидалары бойынша рейдтер, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Иелеріне иттердің өздігінен жүруіне тыйым салу, қоғамдық орындарда қарғыбау мен тұмылдырық қолдану қажеттігі ескертілуде.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алуға және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.