
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Астананың «Aspan» спорт кешенінде жастар мен кадеттер арасында ашық кикбоксинг чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирді қалалық Полиция департаменті мен департамент жанындағы Есірткі қылмысын болдырмау жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ кикбоксингті көркем, тиімді жекпе-жек спорты ретінде танымал ету.
Турнирге 250-ден астам жас кикбоксер қатысты.
«Чемпионат ашық мәртебеге ие – астаналықтардан бөлек, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Щучинск, Атбасар қалаларынан қонақтар келді. Турнир өте қызықты болды, әрбір қатысушы жеңіске ұмтылады», – деді жарыстың бас төрешісі, Астана кикбоксинг федерациясының вице-президенті Ернар Омаров.
#законипорядок #заңментәртіп