
Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы қызу талқыланып жатыр. Елдің Ата заңындағы негізгі өзгерістерге қатысты елордалық №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көркем гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева пікір білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бапкер өз еңбек жолын жас спортшыларды тәрбиелеуге арнап, оларға шеберлік пен спортқа деген сүйіспеншілікті дарытып келеді.
«Қазір елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы талқыланып жатыр, мен бұл бастаманы қолдаймын. Бапкер ретінде мен үшін балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу, олардың әлеуетін ашып, алғашқы спорттық жетістіктеріне жетуіне көмектесу өте маңызды. Көркем гимнастика тәртіпті, төзімділікті және шығармашылық көзқарасты талап етеді. Біз тек спортшыларды ғана емес, жан-жақты дамыған тұлғаларды тәрбиелейміз.
Заң жобасында балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған шаралар, оның ішінде оқыту, кадр даярлау және жарыстар өткізу мәселелері қарастырылған. Мемлекет болашағы зор спортшыларды анықтауға жағдай жасап отыр. Жас таланттарды қолдау елдің спорттағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, бүкіл спорт саласының ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды», – дейді Меруерт Төлегенқызы.
Бапкер сөз соңында өз шәкірттерінің өсіп, жаңа белестерді бағындырып, Қазақстан спортын одан әрі дамытуға үлес қосып жүргенін көріп, мақтанатынын жеткізді.