«Заң мен тәртіп»: Астанада бүлдіршіндердің ата-аналарына алаяқтардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: Астанада бүлдіршіндердің ата-аналарына алаяқтардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарының қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында балабақша бүлдіршіндерінің ата-аналарымен кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, ведомство қызметкерлері №47 «Ақжелкен» балабақшасына баратын балалардың ата-аналарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы қаржылық және цифрлық қауіпсіздік болды.

Іс-шара барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Жалғасова 70 ата-анаға қаржылық және цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңызын, интернет-алаяқтықтан жеке деректерді қорғау тәсілдерін, дипфейк технологиялары туралы жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар қаржылық пирамидалардың тұзағына түспеу жолдарын, алаяқтық схемаларға тарту әдістерін және қаржылық тәуекелдерді дер кезінде танып-білудің қаншалықты маңызды екенін білді.

#законипорядок #заңментәртіп