Елорданың Сарыарқа ауданында кафе мен мейрамхана иелеріне өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді

Елорданың Сарыарқа ауданында кафе мен мейрамхана иелеріне өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді

Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында өрттің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр. Азаматтық қорғау қызметінің мамандары әкімдік өкілдерімен бірлесіп, кафе, мейрамханалар мен сауда дүңгіршектерін аралап, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрттің жиі туындау себептерін түсіндіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өрттің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы Астананың Сарыарқа ауданында жүргізіліп жатыр.

«Өрттің ең жиі кездесетін себептері – желдету жүйелерінде жиналатын май қалдықтары, сондай-ақ электр сымдарындағы қысқа тұйықталулар. Сорғы жүйелеріне тиісті деңгейде қызмет көрсетпеу және қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау өрт шығу қаупін едәуір арттырады», – деді Сарыарқа ауданының азаматтық қорғау қызметінің аға инспекторы Мирас Қанатұлы.

Профилактикалық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне ұсынымдар мен ақпараттық хаттар табысталды.