
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді. Астаналық спортшы Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта 1:21.958 уақыт көрсетіп, жаңа әлем рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш – осы жас санаты тарихындағы ең үздік нәтиже, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, осыған дейінгі рекорд кореялық Джу Джехиға тиесілі болған. Ол 2024 жылдың 15 қарашасында Италияның Бормио қаласында өткен ISU жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында 1:22.352 уақыт тіркеген еді.
Осылайша жарыстың соңғы күнінде өткен 1000 метр қашықтық сайысында мәреге бірінші болып корейлік спортшы жетті, екінші орынды Қытай елінің спортшысы иеленсе, Богдан үшінші болып келіп, қола жүлдеге қол жеткізді.