«Заң мен тәртіп»: елордалық студенттерге алаяқтық әрекеттердің белгілері түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: елордалық студенттерге алаяқтық әрекеттердің белгілері түсіндірілді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында алаяқтық әрекеттердің неше түрінің алдын алу, буллингке қарсы іс-қимыл жасау және қоғамдық құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерінің халықпен кездесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жұмыс аясында елорданың Байқоңыр ауданы әкімдігі мен прокуратурасының мамандары Құрылыс-техникалық колледж студенттерімен түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға шамамен 50 студент қатысты.

Кездесу барысында студенттерге қаржылық пирамидалардың белгілері мен кең таралған алаяқтық схемалар туралы баяндалған арнайы бейнероликтер көрсетілді. Спикерлер қазіргі жағдайда құқықтық сауаттылық пен саналы мінез-құлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мұндай кездесулер халықтың құқықтық мәдениеті мен ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының бәрінде тұрақты түрде өткізілетін болады.

#законипорядок #заңментәртіп