Астанада жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталады

Астанада жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталады

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуге өтінім қабылдаудың басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өтінім қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінімдер 2026 жылғы 2-13 ақпан аралығында (қоса алғанда) қабылданады.
Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
• аккредиттеу комиссиясының материалдарды қарау уақыты – 15 жұмыс күні;
• аккредиттеу туралы куәлік беру немесе дәлелді бас тарту жолдау – 5 жұмыс күні.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 550-443 телефон нөмірі, b.saidilla@astana.kz  электронды поштасы арқылы, сондай-ақ көрсетілген сілтеме бойынша алуға болады.