
Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара 30 қаңтар күні сағат 16:00-де басталады. Жиында елорда тұрғындары тегін білікті заң көмегі көрсетіледі. Сол сияқты құқықтық мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге, құқық қолдану тәжірибесіндегі қосымша талдауды және заңнаманы одан әрі жетілдіруді қажет ететін түйткілді тұстарды анықтау үшін жәрдем беріледі.
Акция барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ елдің жетекші заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес береді.
Іс-шара тегін ұйымдастырылады.
#законипорядок #заңжәнетәртіп