
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Астанадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде «Нағыз азамат болу – азаматтық пен жауапкершілік» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтауға жауапкершілік қалыптастыру және тәртіп мәдениетін нығайту.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
«Біз «балаларға бәрі болады» деп айтамыз. Алайда көп жағдайда балалар қоғам алдындағы жауапкершіліктің не екенін білмейді, түсінбейді. Педагогтер ұжымының, депутаттардың, қоғам өкілдерінің, ата-аналардың басты міндеті – өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оларды заңға бағынатын азамат етіп қалыптастыру. Ең алдымен балаларға заңды не үшін білу және сақтау қажет екенін түсіндіруіміз керек.
кіншіден, оларды жаңа технологияларды меңгеруге бағыттау маңызды. Өйткені жасанды интеллект пен цифрлық контент олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналады. Болашақ мамандықты да мектеп қабырғасында таңдауға дайындалу қажет – бүгінде шамамен 200-ге жуық жаңа мамандық пайда болды. Балаларды смартфонға тәуелділіктен арылтып, спортпен шұғылдануға, білім алуға, қоғамдық жұмыстарға тарту керек. Бірақ ең бастысы – жас ұрпақты отансүйгіштік рухта, елін, оның тарихын, дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие болмаса, қандай білім берілсе де, оның пайдасы аз», – деп атап өтті Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев.
#законипорядок #заңжәнетәртіп