
Астанада алдағы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет сүт, нан өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және өзге де тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 24 және 25 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.