Астанада кинокөрсетілімнен кейін көрермендер ерекше экоакция ұйымдастырды

Астанада кинокөрсетілімнен кейін көрермендер ерекше экоакция ұйымдастырды

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде фильм көрсетілімінен кейін келушілер көрермендерден қалған қоқысты жинап, мәдениет пен жауапкершілік үлгісін көрсетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Залдан шығар кезде көрермендер бос сусын стақандарын, попкорн қаптамаларын және өзге де қоқысты арнайы контейнерлерге тастап шыққан. Нәтижесінде сеанс аяқталғаннан кейін зал таза күйінде қалды.

«Егер таза қалада өмір сүргің келсе, ең алдымен өзіңнен, тіпті осындай ұсақ-түйектен бастау керек», – деді келушілердің бірі.

Мұндай әрекет қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың және кинотеатр қызметкерлерінің еңбегіне құрмет білдірудің ерекше үлгісіне айналды. Осындай бастамалар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, қаланың тазалығы әрбір тұрғыннан басталатынын көрсетеді.