«Астана Тазалық» компаниясы өз қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді

«Астана Тазалық» компаниясы өз қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді

«Астана Тазалық» компаниясы өз қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді. Тұру үшін бұрын әкімшілік-тұрмыстық кешен ретінде пайдаланылған ғимараттағы үй-жайлар дайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы «Астана Тазалық» компаниясы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмысты бастаған.

Атап айтқанда, қызметкерлер кеңсе ғимараттарына көшіріліп, қызметтік пәтерлер беріле бастады, сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы база жұмысын жалғастырды. Бұл қадамдар кәсіпорынның әлеуметтік блогын нығайтуға арналған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болды.

«Астана Тазалық» алдағы уақытта да әлеуметтік блокты күшейтіп, өз қызметкерлерін қолдап, оларға өмір сүру мен еңбек етуге қолайлы жағдай жасауды жалғастырады.