Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді
Астанада 4 ақпан күні бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 4 ақпан күні «Астана-Тұран» университетінде өтеді.
 
Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
 
Қатысушылар түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.