Астанада 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 600-ден астам техника қар күреуге жұмылдырылды

Астанада 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 600-ден астам техника қар күреуге жұмылдырылды

Елордада қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде қала аумағынан қар полигондарына 18 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, ол 1 356 үлкен жүк көлігімен тасымалданды.

4 қаңтар күні таңғы уақыттардан бастап қаладағы негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер аймақтарында 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 675 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс маусымы басталғаннан бері қала аумағынан қар полигондарына 1,5 миллионнан текше метрден астам қар 116 629 рейспен шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдар, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары мұзға қарсы материалдарымен өңделуде. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

Астана қаласы әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда абай болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарларға шығар алдын ауа райы жағдайларын назарда ұстауға шақырады.