Астанада робототехникадан қалалық чемпионат өтті

Астанада робототехникадан қалалық чемпионат өтті
Астана қаласында ITEF 2025 – Innovation Technology and Engineering Festival аясында робототехникадан қалалық чемпионат өтті. Іс-шара жас өнертапқыштар мен болашақ инженерлердің басын қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Чемпионатты №81 «Astana English School» халықаралық мектебі, BilimStart, AzGroup және ARA LAB ұйымдастырды.

Чемпионаттың басты мақсаты – оқушылардың инженерлік-техникалық, логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту, командалық жұмыс пен бағдарламалау дағдыларын жетілдіру болды.

Жарыс WeDo 2.0, VEX GO, VEX IQ, Mini Sumo және Боттар шайқасы санаттары бойынша өткізіліп, қатысушылар роботтарды құрастырып, бағдарламалап, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, арнайы марапаттарға ие болды.