Астанадағы «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жыл мерекесі өтті

Астанадағы «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жыл мерекесі өтті
Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы балаларға арнап жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік іс-шара 80 балаға арналды.

«Біздің мақсатымыз – балаларға жылулық сыйлау. Іс-шара Қуыршақ театрының әртістері дайындаған жаңа жыл қойылымымен қыза түсті. Бұл шараларды жаңа жыл алдында өткізу дәстүрге айналды», – деді Сарайшық ауданының отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Айнұр Нұрекина.

Қойылыммен қатар балаларға сыйлықтар дайындалып, оларды Аяз Ата мен Ақшақар сыйлады.