Елордадағы «Сарыарка» велотрегінде паравелоспорт бойынша Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті. Жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған және интеллектуалдық даму ерекшеліктеріне қатысты шектеулері бар спортшылар қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
200 м, 1000 м және 3000 м қашықтықтағы жеке есеп бойынша Костанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары және Астана командасының спортшылары бақ сынады.
Жалпы командалық есеп бойынша Астана командасы жеңіске жетті – 4 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль. Костанай облысы екінші орынға (2 алтын, 1 күміс), ал Алматы облысы үшінші орынға (3 қола) ие болды.
Жарыс 15 және 16 желтоқсан күндері өтті.