
Астанада 20-21 желтоқсан күндері ет өнімдеріне арналған «Соғым-FEST» жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке «Keruen Joly» СО автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Бұл күні сауда орталығында қала тұрғындары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне де қатыса алады.
Тұрғындар мен қонақтар жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады: көкөніс пен жеміс, ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, бәліштер, табиғи шырындар және тағы басқа тауарлар қолжетімді бағада ұсынылады.
Жәрмеңке әр демалыс күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жәрмеңкеге мына автобустар қатынайды: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317.