Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.