Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: астаналық құтқарушылар үндеу жасады

Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: астаналық құтқарушылар үндеу жасады

Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарына қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы үндеу жасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Құтқарушылар алдағы күндері Астана қаласында қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстану, дауылды ескертулерді қадағалау және мүмкіндігінше алыс жолға шықпау туралы кеңес береді.

Ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы дауылды ескертулер мен хабарламаларды СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы бақылау ұсынылады.

Сонымен қатар, тұрғындардың назарын қыс мезгілінде әлі толық қатпаған мұзға шығудың қауіпті екеніне аударып, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Жеке тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі де еске салынады.

«Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне хабарласыңыздар!» – дейді астаналық ТЖД.