
Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогының жартылай финалдық және финалдық кезеңдері ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан бокс федерациясы Кубогы елде 11-ші рет өткізіліп отыр.
Турнирдің іріктеу кезеңдері барлық өңірде өткізілді. Дәстүрлі жеребеден кейін төрт зона анықталып, олардың жеңімпаздары жартылай финалға өтті. Жартылай финалға шыққан әр командада әртүрлі салмақ дәрежелерінде 15 спортшы бар, оның ішінде 8-і – ерлер және 7-еуі – әйелдер. Топтық кезең нәтижесі бойынша финалға Астана және Шымкент қалаларының командалары, сондай-ақ Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының командалары өтті.
Спортшылар мен қонақтарды федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшалов құттықтап, қатысушыларға жеңіс пен жетістік тіледі.
«Мұндай іс-шаралардың арқасында өңірлердегі бокс дамып келе жатқанын бірден көруге болады. Жастар осы спорт түрімен айналысып, оған қызығушылық танытады. Қыздар мен ұлдар өз өңірлерінің атынан сынға түсіп, мақтаныш етеді. Жартылай финалға шыққан барлық команда осыған дейін кубок жеңімпазы болған, тәжірибесі мол. Бүгінгі жартылай финалға шыққан командалар өте мықты, әрине, Алматы мен Тараздан да перспективалы командалар бар. Барлық қатысушыға чемпион болуды тілеймін. Федерация кубогы олардың спорттағы табысты карьераларының бастамасы болып, Олимпиада ойындарына жол ашсын және елімізге алтын медальдар әкелсін», – деді бокстан Қазақстанның мемлекеттік бапкері Аслан Игібаев.
Ережеге сәйкес, ерлер арасындағы жарыстар 8 салмақ дәрежесінде өтеді: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг.
йелдер 7 салмақ дәрежесінде күш сынайды: 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг.