Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген әрі үздіксіз режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қар күреу жұмысына күн сайын мыңдаған маман мен арнайы техника жұмылдырылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түні коммуналдық қызметтер 1873 рейспен қала аумағынан 23 мың текше метрден астам қар шығарды.

12 желтоқсанның таңынан бастап қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен шамамен 1400 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан жалпы көлемі 460 мың текше метрден астам қар 36115 жүк көлігімен шығарылған.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Осыдан кейін қар жинау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.