
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 8-13 желтоқсан күндері елорда аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шаралар жазаның бұлтартпастығы қағидатын орындауға, сондай-ақ қоғамда «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Астана қалаcы әкімдігінің ресми сайты.
«Борышкер» шарасы барысында полицейлер жүргізушілерге олардың әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар екендігін хабарлайды, сондай-ақ алимент, банктік несие және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы бар көлік құралдарын анықтайды.
Мәселен, Жангелді көшесінде «Қорғау» жүйесінің көмегімен иесінің қарызы 10 миллион теңгеден асатын автокөлік анықталды. Көлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Иесі көлігін тек қарызын толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады.