
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Сарыарқа ауданы әкімдігінде Астананың Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен «Омбудсмен+» моделіндегі Ұлттық превентивтік механизмге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Ұлттық превентивтік механизмнің, құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және басқа мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Ұлттық превентивтік механизм – адамдар өз еркімен шығуға мүмкіндігі жоқ орындарда азаптау мен қатыгездікті, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттерді болдырмауға бағытталған тәуелсіз алдын алу жүйесі. Қазақстанда Ұлттық превентивтік механизм «Омбудсмен+» моделі бойынша жұмыс істейді. Оның тиімді үйлестіруі үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құрамында консультациялық-кеңесші орган – Үйлестірушілік кеңес құрылған, оған ҮЕҰ, құқық қорғаушылар, сарапшылар, заңгерлер, журналистер, ғалымдар, депутаттар және қоғамдық белсенділер кіреді», – деді Аягөз Әубәкірова.
Дөңгелек үстел қатысушылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұтқындардың жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.
#законипорядок #заңжәнетәртіп