
Астаналық полиция жол-көлік апаттарын азайту және жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жүргізуде. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында және республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала көшелерінде патрульдеу күшейтіліп, видеокамералар арқылы бақылау және мемлекеттік нөмірлерді тану технологиялары қолданылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қала полиция департаментінің мәліметі бойынша, рейд жүргізілген үш күн ішінде елордада 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғаушылар ең жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде мына фактілерді атады:
• маневр жасау ережесін бұзу – 66 жағдай;
• техникалық байқау болмауы – 74;
• жүргізу кезінде телефон қолдану – 78;
• қызыл белгіден өту – 35;
• қарсы жолаққа шығу – 12;
• жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 18.
Астаналық полиция жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екенін ескертеді. Барлық жүргізуші жол ережелерін қатаң сақтауға міндетті.
#заңжәнетәртіп #закониорядок