
Астанада көркемөнерпаз ұжымдарына «Халықтық» атағын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Халықтық» атағын Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов табыстады.
Атақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен 2025 жылғы 11 қарашада өткен комиссия отырысының шешімі негізінде берілді. Комиссия құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, сондай-ақ мәдениет және өнер саласының қайраткерлері енді.
«Халықтық» атағы берілген көркемөнерпаздар ұжымдары:
• «Шаңырақ» театры;
• «Әдемі» ардагерлер ансамблі;
• «Әжелер-Шаңырақ» фольклорлық ән-би ансамблі;
• «Қыздарай» хореографиялық ансамблі;
• «Радуга» орыс әндері ансамблі.