
«Заң және тәртіп» қағидатын және «Астана – есірткісіз қала» акциясын іске асыру аясында әкімдік пен Сарыарқа аудандық прокуратурасы ойын-сауық орындарының өкілдеріне арнап түсіндіру кездесулерін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесуде мекеме әкімшілігіне есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтау бойынша жауапкершіліктің бары түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесуде демалыс және мерекелік күндердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жыл басынан бері «102» желісіне ойын-сауық орындарынан 361 шақырту келіп түскен, оның көбісі тыныштықты бұзу мен келушілер арасындағы жанжалдарға байланысты болған.
Құқық қорғау органдары мен аудан әкімдіктері қала тұрғындары үшін қауіпсіз жағдайлар жасау және құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған жоспарлы профилактикалық жұмысын жалғастыруда.
#законипорядок #заңжәнетәртіп