Елордалық студенттерге цифрлық қауіпсіздікті сақтау және интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

Елордалық студенттерге цифрлық қауіпсіздікті сақтау және интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қаржылық мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша кезекті дәріс өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дәріске университеттің 400 студенті қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық гигиенаның негіздерін түсіндіру, қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістері туралы ақпарат беру және дропперлік схемалардан қорғау жолдарын түсіндіру.

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын, интернет-алаяқтықтан, дипфейктерден қорғану тәсілдерін, жеке деректерді қорғау жолдарын, сондай-ақ дропперлер туралы жан-жақты баяндап берді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар мен қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер алды.

Іс-шара соңында ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.

#законипорядок #заңжәнетәртіп