Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада қола медаль иеленді

Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада қола медаль иеленді

Астаналық оқушы IJSO 2025 халықаралық олимпиадасының қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиада (IJSO 2025) өз мәресіне жетті.

Ауқымды олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, 6 медаль жеңіп алды.

Жүлдегерлер арасында Астана қаласының «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алпысбаев Тимур қола медальға ие болды.