Ақтау қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Еліміздің 20 облысынан 839 балуан қатысқан байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары жекелей сында 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Астана қаласы спортшыларының нәтижелері:
1. Әмина Сапарбек – 63 кг, 3-орын;
2. Сара Ғабитова – 70 кг, 3-орын;
3. Ермұрат Нұрахметов – +90 кг, 3-орын;
4. Шыңғыс Қонысбек – 90 кг, 3-орын;
5. Мансұр Әсемхан – 66 кг, 2-орын;
6. Алина Ерсейіт – 52 кг, 5-орын;
7. Сара Тукунова – 63 кг, 5-орын.
Чемпионаттың соңғы күнінде өткен аралас-командалық кездесуде Астана құрамасы тамаша өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте чемпион атанды.
Күміс жүлдені Қызылорда облысы иеленсе, үздік үштікті Маңғыстау және Түркістан облыстарының спортшылары бөлісті.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жасөспірімдер ұлттық құрама сапына қабылданып, 2026 жылы Иорданияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.