
«Таза Қазақстан» экобастамасы аясында елорданың бірқатар жоғары оқу орнында тұрақты даму мақсаттары туралы орнықты білім қалыптастыруға бағытталған арнайы тақырыптағы сабақтар өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Арнайы тақырыптағы экоcабақтар күні» Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, TAU University, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қ.Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Esil University секілді бес жоғары оқу орнының студенттері үшін ұйымдастырылды. Жоба қала әкімдігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен қол жеткізу және оларды іске асыру мониторингі аясында жүзеге асырылуда.
Барлығы 280-нен астам студент арнайы тақырыптық сабақтарға қатысты.
Олар тұрақты даму мақсаттарын енгізудің маңызы және аталмыш бағытта студенттік жобалар құру жөнінде сұрақтар қойды.
Бағдарламаны алдағы уақытта кеңейтіп, барлық жоғары оқу орнын тұрақты жобалар әзірлеу процесіне тарту жоспарланып отыр.