Астанада ірі эко-челлендж өтті

Астанада ірі эко-челлендж өтті
Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» аясында пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге тапсыру бойынша жаппай эко-челлендж өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жоба Астанада тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және олардың іске асырылуын қадағалау аясында, әкімдік пен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен жүзеге асырылды.

Бағдарламаға университет студенттері, қала тұрғындары және мектеп оқушылары сияқты 500-ден астам волонтер қатысты.

Челленджді BI Group құрылыс компаниясы қолдады: олар 45 тұрғын үй кешенінде бөтелкелердің пластик қақпақтарын жинау акциясын ұйымдастырды. Егер аулалар 15 мыңнан астам қақпақты жинайтын болса, компания тұрғындарға қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар орнатуды жоспарлап отыр.
 

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge