Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты өтті

Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты өтті

Көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты аяқталды. Оған Астана, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал өңірлерінен 200-ге жуық гимнасшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының спортшылары биыл да жоғары деңгейдегі нәтижелерімен ерекшеленді. Олар чемпионатты 6 алтын, 6 күміс және 6 қола медальмен аяқтап, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша үздік үштіктің барлық сатысын иеленді.

Жарыс барысында спортшылар жеке және топтық бағдарламаларда өнер көрсетіп, күрделі элементтерді орындауда жоғары координация, икемділік және техника жағынан ерекше дайындықтарын байқатты.

«Чемпионат жас гимнасшыларға тәжірибе жинақтауға, өз қабілетін байқауға және алдағы ірі турнирлерге сенімді қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді. Көркем гимнастикаға қызығушылық танытқан балалар санының артуы спорттың одан әрі дамуына оң серпін беретіні сөзсіз», – деді Көркем гимнастикадан Астана қаласының аға жаттықтырушысы Әсел Мұстафина.