
Елорда тұрғындары «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы абаттандыру, көгалдандыру, жол жөндеу және басқа да мәселелер бойынша өтініш жібере алады. Қызмет қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты кез келген мәселені «Таза Қазақстан» платформасында көрсете алады.
Жүйе іске қосылған сәттен бері 3502 өтініш қабылданған. Оның ішінде 3127-сі орындалды, 27 өтініш орындау кезеңінде, қалғандары өңделу үстінде.
Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер – аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсатсыз қоқыс орындарын жою.
Барлық өтініш уақытылы қаралып, бұл тұрғындардың қолайсыздықтарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық өзара байланыс орнату.